МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша қызметкерлерге арналған ақпараттық кездесу өтті

Біздің емханада қызметкерлерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өзекті өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ медициналық қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің сақтандыру жүйесіндегі жаңалықтармен таныстырып, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмекті дұрыс және тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру.

Кездесу барысында мамандар МӘМС-ке жарна төлеу механизмдері, сақтандыру мәртебесін тексеру әдістері, қызметтер пакеті және медициналық көмекті алу кезіндегі пациент құқықтары туралы толыққанды мәлімет берді.