22 ақпан күні ішкі өзара оқыту бағдарламасы аясында «Қант диабетінің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара қызметкерлер мен келушілердің қант диабетінің алдын алу, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Лектор ретінде жоғары санатты тәжірибелі эндокринолог – Субатилова Гүлнара Мұратқызы сөз сөйледі. Ол өздерінің терең білімі мен көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында қант диабетіне қатысты негізгі аспектілер қарастырылды: қауіп факторлары, диагностиканың заманауи тәсілдері, инновациялық емдеу әдістері және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы.