Инсульттің алғашқы белгілері қандай?

Инсульт – бас қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы, миға қанның кетуі, мидың субарахноидалды қабатына қан құйылуы мен мидың инфарктісі.

Белгілері:

  1. Тепе-теңдіктің өзгеруі;
  2. Лезде аяқтың немесе қолдың әлсізденуі;
  3. Сөйлеудің түсініксіз болуы.

Жедел жәрдем келгенге дейін не істеуге болады:

  1. Науқасты арқасымен, басын  көтеріңкі болатындай қалпында жатқызу, Жүрегі айнып жатқан кезінде бір бүйірге бұру;
  2. Қысып, денесін тарылтып тұрған киімдерін шешіп, жағасын ашып, белдігін босату;
  3. Таза ауада болуын қамтамасыз ету;
  4. Науқасқа дәрігерлердің келе жатқандығын, олардың тез арада көмек көрсететінін  айтып, сөйлесе отырып  тыныштыққа шақыру;
  5. Науқастың белсенді болуына, яғни душ қабылдауына, су, дәрі ішуіне және тамақ жеуіне жол бермеу керек.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! ИНСУЛЬТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАС ИНСУЛЬТ БӨЛІМІНЕ ТЕЗ ЖЕТКІЗІЛСЕ, СОҒҰРЛЫМ ОНЫҢ АМАН ҚАЛУЫ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЙТАРУ МҮМКІНДІГІ ЖОҒАРЫ!