Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттандыру жұмыстары

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ медициналық қызметтерді алу тәртібін кеңінен түсіндіру мақсатында тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шаралар МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарын, қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, сақтандырылған мәртебесін анықтау тәртібін, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілетін қызмет түрлерін түсіндіруге бағытталған.