Халықаралық акушеркалар күні құтты болсын

 

Бүгін біздің көпшілігіміз қамқор, аялы алақандарының арқасында дүниеге келген мамандар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Жиырма жылдан астам қатарынан 5 мамыр Халықаралық акушерлер күні (Midwife International Day) болып саналады. Мереке идеясын 1987 жылы Нидерландыда өткен конференцияда Халықаралық акушерлер қауымдастығы ұсынған. Аталмыш күн ресми мереке мәртебесіне 1992 жылы ғана ие болды. Бүгінде ол 50-ден астам елде атап өтіледі.

Мерекенің басты мақсаты — акушерлер жұмысының маңыздылығы туралы халықты ақпараттандыру. Бұл мамандықтың маңыздылығын жоғары бағалау керек, өйткені ана мен баланың өмірі мен денсаулығы көбінесе акушерге, оның тәжірибесіне, білімі мен дағдыларына байланысты.

🥰 Мерекелеріңізбен, құрметті акушеркалар! ✨