Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық маусымның басталуымен (2019 жылдың 03 қазанынан) ЖРВИ/тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай аурудың маусымдық көтерілумен сипатталады. 2019 жылы ЖРВИ , нақты ауру (100 мын тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1237,1 немесе 13942 ЖРВИ жағдайы, соның ішінде 39 тұмау) былтырғы эпидемиологиялық маусымынан аурудың шекті мөлшерінен аспайды. Науқастардан бөлінген тұмау вирустары — олардың типтері А/H1N1/pdm09 – 10 % және В типі – 90 %.
2020 жылдың 1 аптасына аурушаңдылық жағдайы тұрақты. ЖРВИ-мен ауырғандар 61,2 көрсеткішпен 708 адам, бұл былтырғы жылдың көрсеткіштерінен 1,9 ретке немесе 49 % төмен.
Науқастанғандар саны бойынша қауіп тобы қала бойынша 51 % 14 жасқа дейінгі балалар болып табылады,сонымен қатар 1 жасқа дейінгі балалар 23 % құрайды.
Тұмау және ЖРВИ — бұл вирусты аурулардың топтары, жоғары тыныс жолдарын зақымдайды. Бұл топтағы вирустар ауа-тамшы және байланыс жолдары арқылы жеңіл беріледі.
Организмдегі жасушалардағы вирустардың көбеюлері:
- дене қызуы
- шырышты қабаттың ісінуі
- мұрыннан су ағу, жөтел
- бас ауруы
- әлсіздік болады.
Тұрғындар үшін келесілерді ұсынамыз:
- жыл сайынғы тұмауға қарсы егілу
- түшкіру әдебін сақтау – сүлгі немесе орамалға, олар болмаған жағдайда жеңіне жөтелу және түшкіру керек;
- қолды сабынмен жуу, құрамында спирт бар немесе дезинфекциялық сүлгімен сүрту;
- үй-жайларды желдету;
- адамдардың көп жиналатын орындарына баруды шектеу;
- физеретіндісімен мұрын қуысын ылғандандыру немесе көшеден келгенде тұзды ерітіндімен шаю, оксалин жақпаны пайдалану;
- жаппай адамдар жиналатын орындарда және науқасқа күтім көрсету кезінде медициналық маска кию;
- иммунитетті нығайту.
‼️‼️‼️Есерде Сіз ауырсаңыз: асқынуды болдырмау және басқаларына жұқтырмау бойынша шаралар қолдану.