Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 24 сәуір мен 30 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Биылғы жылдың тақырыбы — «Барлығы үшін ұзақ өмір». Ол өмір бойы вакциналардың рөлін көрсетеді.
Тиімді вакцинаның болуына қарамастан, бүкіл әлемде ерте жастағы балалар арасында өлімнің негізгі себептерінің бірі қызылша болып қала береді. ДДҰ-ның бағалауы бойынша, 2017 жылы қызылша әлемде 110 мың адамның, негізінен 5 жасқа дейінгі балалардың өліміне себеп болды. 2000-2017 жылдар аралығында қызылшаға қарсы вакцинация жаһандық өлім-жітімнің 80% — ға төмендеуіне әкелді.1980-2000 жылдар аралығында бүкіл әлемде дифтерияның тіркелген жағдайларының жалпы саны 90% — дан астамға азайды. 2018 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша қызамыққа қарсы вакцинация 194 елдің 168-іне енгізілді және әлемде қызамыққа қарсы екпелермен қамтудың орташа көрсеткіші бағалау бойынша 69% — ды құрады. Қызамықтың тіркелген жағдайларының саны 2000 жылғы 102 елдегі 670 894 жағдайдан 2018 жылы 151 елде 14 621 жағдайға дейін 97% — ға төмендеді.
«Барлығына ұзақ өмір» — Еуропалық иммундау апталығы 24-30 сәуір
Жарияланған күні: 27.04.2022