Емханада жоспарлы түрде өткізілетін жеке қабылдау барысында тұрғындардың сауалдары, ұсыныстары және өтініштері тыңдалды. Шараның мақсаты – медициналық қызметтердің сапасын арттыру, тұрғындардың пікірін ескеру және туындаған мәселелерді уақтылы шешу.
Қабылдау кезінде азаматтар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, учаскелік дәрігерге тіркелу, тексерулерден өту, дәрілік қамтамасыз ету және қызметтің қолжетімділігіне қатысты сұрақтар қойды. Әр өтінішке нақты түсіндірме беріліп, тиісті кеңестер ұсынылды.
Көтерілген мәселелер сол жерде шешімін тапты. Емхана ұжымы тұрғындармен ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, қабылдаулардың тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.



