2015 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-12.00 емхананың ЛФК залында СӨС ұйымдастырушысы және ЖДО координаторлары «Анам, әкем және мен – бақытты отбасы» сурет конкурсын өткізді, әр суретте отбасының суретін салды. Акция аяқталғаннан кейін қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Ашық есік күні өтті: қабылдауға жазылусыз гинеколог, уролог, дерматовенеролог, психолог қабылдады. Халықаралық отбасы күні Әйелдер кеңесіндегі жас аналар мектебінде денсаулықты күту мен сақтау сұрақтары бойынша семинар-тренингтер, лекциялар өтті.
Сонымен қатар, 24 мамырда Орталық саябақта Спорттық бағдарлау бойынша «Дүниежүзілік отбасы күніне» арналған отбасылық командалар жарысы болып өтті. Оған қатысқандар: қалалық медициналық ұйымдардың отбасылары, команда 3 адамнан: әке, шеше, баладан тұрды. №8 қалалық емхана үшінші орын иеленді.