Емханамызда медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Дәрілік заттарды рационалды пайдалану» тақырыбында оқыту дәрісі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – дәрілік заттарды тиімді, дәлелді медицина талаптарына сай және қауіпсіз қолдану бойынша мамандардың білімін жетілдіру.
Дәріс барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
-
дәрілік терапияның қазіргі талаптары;
-
клиникалық хаттамаларға сәйкес препараттарды дұрыс таңдау қағидаттары;
-
антибиотиктерді ұтымды пайдалану және антибиотикорезистенттіліктің алдын алу;
-
жағымсыз дәрілік реакциялардың алдын алу және фармакологиялық қадағалау.



