Дәрі-дәрмектер туралы

Халық арасында дәрі-дәрмектер туралы түсінікті арттыру мақсатында «Дәрі-дәрмектер туралы» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараны клиникалық фармаколог Молдағали А.М. және салауатты өмір салты дәрігері Ерсайын А.Е. өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – дәрілік заттарды дұрыс қолдану, сақтау және жою ережелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында қамтылған негізгі тақырыптар:

  • Дәрі-дәрмектердің түрлері мен қолдану ережелері;

  • Қандай жағдайда қандай дәріні және қалай дұрыс қабылдау қажет екендігі;

  • Үй жағдайында дәрілерді сақтау ережелері: жарамдылық мерзімі, температуралық режим, жарықтан қорғау және балалардан алшақ ұстау;

  • Дәрілерді өз бетінше қабылдаудың қауіптері: артық дозалану, жанама әсерлер, дәрілік төзімділіктің қалыптасуы;

  • Мерзімі өткен немесе қажетсіз дәрі-дәрмектерді қауіпсіз түрде жою жолдары.

Мамандар дұрыс утилизацияның маңыздылығын ерекше атап өтіп, егер дәрілерді бейберекет тастайтын болсақ, бұл қоршаған орта мен адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін түсіндірді.