16 қыркүйек — Дүниежүзілік озон қабатын қорғау күні. Бұл күн — бізге қоршаған ортаның, соның ішінде атмосферадағы озон қабатының адам денсаулығына қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Озон қабаты не үшін қажет?
Озон қабаты — Жер атмосферасының жоғарғы қабатында орналасқан газ қабаты. Ол Күннен келетін ультракүлгін (УК) сәулелердің зиянды әсерінен бізді қорғайды. Озон қабаты болмаса, бұл сәулелер тері ауруларының, көздің зақымдануының және иммунитеттің әлсіреуінің көбеюіне әкелуі мүмкін.
Таза ауа — денсаулық кепілі
Экологиялық таза орта — тыныс алу жолдары ауруларының, аллергия мен жүрек-қан тамырлары дерттерінің алдын алуға көмектеседі.
Зиянды өндіріс қалдықтары, автокөлік түтіні, тұрмыстық аэрозольдер мен химиялық заттар озон қабатын жұқартады. Бұл өз кезегінде ауа сапасының нашарлауына және халық денсаулығына кері әсер етеді.
✅ Не істей аламыз?
-
Экологиялық таза өнімдер мен көлік құралдарын таңдайық
-
Қоршаған ортаға зиян келтіретін аэрозольдерден бас тартайық
-
Ағаш егіп, табиғатты аялауға атсалысайық
Таза ауа — бәрімізге ортақ. Табиғатты қорғай отырып, өзіміздің де, болашақ ұрпақтың да денсаулығын қорғаймыз!