2025 жылғы 24 ақпан мен 25 наурыз аралығында «Иә! Біз ТУБЕРКУЛЕЗДІ жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз», «Да! Мы можем победить ТУБЕРКУЛЕЗ: обязуемся, инвестируем, действуем», «Yes! We Can End TB: Commit, Invest. Deliver» ұранымен өткізілген туберкулезге қарсы айлық аясында СӨС дәрігері «Байқоңыр ауданы СЭББ» мамандарымен бірге Астана қаласы әкімдігінің «№94 «Сұңқар» балабақшасы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 48 «Ақ көгершін» балабақшасы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасы» МКҚК-да балалар мен тәрбиешілерге «Туберкулез туралы не білуіміз керек?», «Балалар денсаулығы мен туберкулез профилактикасы туралы тәрбиешілер білуі қажет ақпараттар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар қорғану ережелерін жас ерекшеліктеріне сай қарапайым әрі қызықты түрде жеткізіп, салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті.