АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ

Жалпыұлттық коалицияның өкілдері Қанат Естек, Мағжан Молдахмет және Дастан Дәулетияров елордадағы №8 емхана ұжымымен кездесіп, Конституциялық реформа жобасының маңызды аспектілерін түсіндірді.

Жиында спикерлер жаңа Конституцияда азаматтардың денсаулығын қорғау, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту мемлекеттің басты әлеуметтік міндеттерінің бірі ретінде айқындалғаны айтылды.