№8 қалалық емханада азаматтарды қабылдау жалғасуда. Кезекті қабылдау барысында емхана директоры тұрғындармен тікелей диалог құрып, олардың сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдады.
Кездесу барысында медициналық қызмет сапасы, дәрігерге жазылу тәртібі, диспансерлік бақылау және алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Әрбір өтініш жеке қаралып, нақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Мұндай ашық форматтағы қабылдаулар – халықпен кері байланыстың маңызды құралы. Емхана басшылығы тұрғындардың пікірін ескере отырып, қызмет сапасын үздіксіз жақсартуға басымдық береді.
Азаматтарды қабылдау кестесі:
Сейсенбі сайын, сағат 16:00–18:00 аралығында
Қабылдауға жазылу үшін:
8 (7172) 95-57-69