Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау бағытында «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары және өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандардың қатысуымен өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, психоэмоциялық күйзелістермен күрес жолдарын үйрету және салауатты өмір салтының негіздерін түсіндіру.
Кездесу барысында келесі өзекті тақырыптар талқыланды:
- Стресті басқару және оны жеңу жолдары
- Репродуктивтік денсаулықтың маңыздылығы
- Сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері
Әр тақырып бойынша мамандар жасөспірімдермен ашық әңгіме жүргізіп, өмірлік мысалдар арқылы маңызды ақпаратты қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізді.