Ашық есік күні

“Сенім” жастар денсаулық орталығында “Жоғары медициналық” колледжінің студенттеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ медицина мамандарына жастар денсаулығын сақтау бағытындағы қызметтің маңыздылығын таныстыру, кәсіби бағдар беру және тәжірибелік ақпарат ұсыну.

Ашық есік күні барысында студенттер орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен, мамандардың жұмысымен, жастарға көрсетілетін медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмектермен танысты. Сонымен қатар орталықтың күнделікті жұмыс үдерісі, қабылдау тәртібі және профилактикалық шаралар туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Іс-шара аясында орталық психологы студенттерге арналған арнайы тренинг өткізді. Тренинг барысында психологиялық тұрақтылық, күйзелісті басқару, кәсіби дамудағы ішкі мотивация және өз-өзіне сенімділік тақырыптары қамтылды. Студенттер тренингке белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пайдалы практикалық кеңестер алды.