АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді қатерлі ісіктің, атап айтқанда саркоманың алдын алуға және диагностикалауға арналған Ашық есік күніне қатысуға шақырамыз. Іс-шара 22-25 шілде аралығында өтеді.
Сіздерді Сембинов көшесі, 4/1 мекенжайы бойынша 225 кабинетте, сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін күтеміз.
Қабылдау үшін алдын ала жазылу немесе жолдама қажет емес. Пайдалы кеңес алыңыз, денсаулығыңызды күтіңіз!