Қарттар денсаулық мектебінде инсульттің алдын алуға арналған лекция

Емханамыздың СӨС дәрігері Ж. Нұрахметова «Инсульттің алдын алу мақсатында қарттарға арналған дұрыс тамақтану» тақырыбында қызықты лекция өткізді. Лекция барысында инсульттің алғашқы белгілері, оның алдын алуда дұрыс тамақтанудың маңызы, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырату жолдары, тамақтану пирамидасы секілді маңызды тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, «Шындық және жалған» ойыны ойналып, қатысушылар арасында қызықты диалогтар өтті. Соңында тыңдаушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.