Артериялық гипертензия: үнсіз қауіптің алдын алыңыз

Артериялық гипертензия – бұл артериялық қан қысымының тұрақты жоғарылауы. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің ең кең таралған ауруларының бірі және әлем бойынша миллиондаған адамдарға әсер етеді. Көп жағдайда ол ешқандай белгілерсіз өтеді, сондықтан оны «үнсіз қаскөй» деп те атайды.

Неліктен артериялық гипертензия қауіпті?

Жоғары қан қысымы қан тамырларына, жүрекке, миға және бүйрекке жүктемені арттырады. Егер гипертензияны емдемесе, ол инсульт, инфаркт, жүрек жеткіліксіздігі мен бүйрек ауруларына әкелуі мүмкін.

Қандай белгілер байқалуы мүмкін?

Көп жағдайда гипертензия еш белгісіз өтеді. Дегенмен, кейде мынадай белгілер болуы мүмкін:

  • Бас ауруы

  • Бас айналу

  • Жүрек соғысының жиілеуі

  • Көрудің нашарлауы

  • Тыныстың тарылуы

Тәуекел факторлары:

  • Тұзды және майлы тағамды көп тұтыну

  • Семіздік

  • Тұқым қуалаушылық

  • Стресс пен ұйқының бұзылуы

  • Темекі шегу және алкоголь ішу

  • Қозғалыстың аздығы

Алдын алу жолдары:

  • Қалыпты салмақты сақтау

  • Дұрыс тамақтану

  • Тұзды шектеу

  • Физикалық белсенділік (күніне кемінде 30 минут)

  • Қан қысымын тұрақты өлшеп отыру

  • Стресті басқару

  • Дәрігерге уақтылы қаралу