Қант диабеті бар пациенттер МӘМС аясында қызмет алады

Қант диабеті – әлемдегі ең кең таралған инфекциялық емес аурулардың бірі. Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен 500 мыңға жуық адам өмір сүреді. Ол талдаулар тапсыру, дәрігерлер кеңесін алу, емді бақылауды қоса алғанда бір реттік емдеуді емес, тұрақты бақылауды талап етеді.

2026 жылдан бастап қант диабеті бар пациенттердің емі мен диспансерлік бақылауы МӘМС жүйесіне енгізіледі. Яғни барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті тексерулер және дәрі-дәрмектер олар үшін қосымша төлемсіз қолжетімді болады. Ең бастысы – МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу.

Мәртебені алу үшін соңғы 12 айға төлеген жарналар болуы қажет. Дербес төлеушілер үшін жарна мөлшері айына 4 250 теңге, яғни жылына 51 000 теңгені құрайды.

Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз: