Ана сүті – алғашқы қамқорлық: Ашық есік күні емханада сәтті өтті

Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы аясында біздің емханада Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жас аналар мен болашақ аналарға үлкен қолдау көрсетуге бағытталды.

Іс-шара барысында қатысушылар:

  • Емшекпен емізудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат алды;

  • Дұрыс емізу тәсілдерін тәжірибе арқылы меңгерді;

  • Білікті мамандардан тікелей кеңес алып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Мұндай бастамалар аналар қауымының сенімділігін арттырып, сәбилердің саулығын нығайтуға жол ашады. Ана сүті – нәрестенің алғашқы иммунитеті, алғашқы қорегі және ең басты – ана махаббатының көрінісі екенін ұмытпайық!