АИТВ, туберкулездің профилактикасы және антибиотиктерді дұрыс қолдану

 

24 қараша күні №12 орта мектептің оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері профилактикалық дәріс өткізді.

Кездесу барысында дәрігер оқушыларға АИТВ инфекциясы мен туберкулезден қорғану жолдары, антибиотиктерді дұрыс және қауіпсіз қолдану ережелері, сондай-ақ жалпы денсаулықты сақтау бойынша маңызды кеңестер ұсынды.

Дәрістің мақсаты – жасөспірімдерге зиянды әдеттердің алдын алу, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру.