Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары мен СӨС дәрігері №8 мектеп-лицейі мен Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында оқушыларға Адам папиллома вирусы (АПВ) туралы дәріс өткізді.
Бұл вирус – көптеген адамдарда кездесетін, бірақ көбіне белгісіз қалатын жұқпалы аурулардың бірі. АПВ көптеген денсаулық мәселелеріне, соның ішінде жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін, сондықтан оны алдын-ала түсініп, сақтық шараларын білу өте маңызды.
Дәріс барысында дәрігерлер осы вируспен күресудің жолдары, вакцинацияның маңызы және репродуктивті денсаулықты сақтау туралы пайдалы кеңестер берді.