Ағза донорлығы тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

9 ақпан күні емханамызда ағза донорлығы мәселесіне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараны «Трансплантацияны және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың» білікті мамандары жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға ағза донорлығының қоғам үшін маңыздылығы, оның медициналық, құқықтық және этикалық қырлары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Мамандар трансплантацияның көптеген науқастар үшін өмірді сақтап қалудың бірден-бір жолы екендігін атап өтіп, елімізде донорлық жүйені дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар, донор болу тәртібі, келісім беру рәсімдері және қолданыстағы заңнамалық нормалар түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды.