2025 жылғы 28 қазан күні №94 «Сұңқар» балабақшасында ата-аналарға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балалардың денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың алдын алу және ата-аналардың медициналық сауаттылығын арттыру болды.
Кездесу барысында емхана мамандары ата-аналарға туберкулездің алдын алу жолдары, БЦЖ вакцинасының маңызы, балалар тазалығы мен жеке гигиенаны сақтау ережелері, сондай-ақ тіс күтімінің ерекшеліктері туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Мамандар балалардың иммунитетін нығайтуда дұрыс тамақтану мен уақтылы екпенің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.




