№8 қалалық емхана командасы Спартакиадада 3-орынға ие болды

Астана қалалық медициналық ұйымдарының арасындағы Спартакиада өз мәресіне жетті. Соңғы арқан тартыс ойынында біздің емхана қызметкерлері 3-орынға ие болды. Жалпы Спартакиада қорытындысы бойынша №8 емхана командасы 35 ұйымның арасында 7-орынға тұрақтады.

Осылайша қызметкерлеріміз өз мамандығынан бөлек спортта да мықты екендіктерін танытты.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!