Аталған іс-шара аясында келушілерге тегін профилактикалық тексерулер жүргізілді.
Қатысушылар келесі тексерулерден өтті:
-
антропометриялық өлшеу;
-
артериялық және көз ішілік қысымды өлшеу;
-
қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау.
Сондай-ақ, тұрғындарға мамандардың кеңестері берілді.
Шараның мақсаты – инсульттің алдын алу, халықтың денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру және аурудың қауіпті факторлары жөнінде ақпараттандыру болды.





