Жаңа қызметкерлерге арналған бейімдеу тренингі

Емханамызда жаңадан жұмысқа орналасқан әріптестеріміз үшін ұйымдастырылатын дәстүрлі тренинг жаңа ұжымға жылы қарсы алу ғана емес, сенімділік пен ынтымақтастық сезімін оятатын ерекше шараға айналды.
HR-бөлім басшысы С. Джунисбекова мен психологтарымыз З. Исина, И. Сағиеваның тәжірибелік кеңестері арқылы қызметкерлер ұйым ережелері, кәсіби этика негіздерімен танысып қана қоймай, жаңа ортаға бейімделу, эмоциялық интеллект пен стрессті басқару дағдыларын да меңгерді.