Тұмау жайлы ескертпе

Тұмау жайлы ескертпе

Тұмау. Қандай қауіп-қатер.

Тұмау — бұл жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы тумауды жұқтырған адамнан жан-жағындағы адамдардың жұтқыншағына түсетін вирус. Тұмау, әдеттегiдей балаларда құрысу және жоғары температура шақырады.

Тұмаудан болатын асқынулар:өкпе қабынуы, ринит, синусит, бронхит, отит, миокардит және перикардит, миозит, бүйрек зақымдануы, менингит. Сонымен бірге организмде бар созылмалы аурулар асқынады. Тұмау әсіресе балалар үшін, жүктілер мен қарт кісілер үшін өте қауіпті.

Тұмау қоздырғыштары-А типті вирус, яғни пандемиялық HINI өте жоғары жылдамдықпен таралады. Тұмаудың жұқтыру вирусы санаулы сағаттардан кейiн бактериялардың енуі үшін тыныс жолдарының шырышты қабатын терең зақымдауға акеліп соғады.  Бұл тұмауда пайда болатын бактериялық асқынулардың көп екендігін байқатады.

Тұмау белгілері:дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, бұлшықеттердің ауруы, қалтырау, шаршау, жөтел, мұрынның бітелуі, тамақ ауруы.

Тұмаумен ауырғанда не істеу керек?

Басқаларға жұқтырмау үшін үйде болу және өз уақытында емделу, яғни дәрігерге тез арада қаралу. Тұмау кезінде өз-өзіңді емдеу орынсыз. Дәрігердің өзі диагнозды анықтап, сіздің жәй-күйіңізге, жасыңызға қарай дәрі-дәрмектер тағайындау керек.Дәрігердің барлық айтқандарын нақты орындау:өз уақытында дәрі-дәрмектерді қабылдау және ауырған кезде төсек тәртіптемесін сақтау, өйткені ауырған кезде жүрек-қантамыр, иммундық жүйелер мен басқа организм жүйелеріне ауырлық түседі. Жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуі қажет:шәй, жылы сүт, сусындар т.б. Тамаққа С дәрумені бар өнімдерді, сонымен қатар сарымсақ, жуа қолдануды ұмытпаған жөн.

Тұмау белгілері пайда болғанда жұмысқа, оқу орындарына бармау, балабақшаларға балаларды апармау керек.Егер сіз тұмаумен болмаса ЖРВИ-мен ауырсаңыз үйде қалыңыз. Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасамаңыз. Бұл басқа адамдардың вирустық инфекцияны жұқтырып алмауы үшін және таралмауы үшін қажетті.

Егер сіз тұмаумен болмаса ЖРВИ-мен ауырсаңыз жергілікті мекен-жайыңыз бойынша емханаға баруыңыз керек.

 

Егер дене қызуыңыз 38-39 –дан жоғары болса учаскелік дәрігерді үйге шақыртқаныңыз жөн. Ентігу, құсу, құрысу белгілері пайда болса, 103 телефоны арқылы «жедел көмек» бригадасын шұғыл шақырту қажет.

Жөтелгенде, түшкіргенде аузыңызды бір рет қолданылатын қағаз шүберектермен, жауып қолданып, артынан аузы қатты нығыздалып жабылатын пакетке салу. Қолыңызды сабынмен жиі жуу, Қол тазалығы үшін құрамында спирті бар тері антисептигі тиімді. Көзіңізге, мұрыныңызға және аузыңызға қолыңызды жиі апармауға тырысыңыз.

Жұқпаның таралмауын ескерту үшін ауруды сау адамдардан оқшаулау(тиісінше жеке бөлме). Мүмкіндігінше аурумен сөйлесуді шектеу.

Ауру жатқан жайды жиі желдетіп, бөлмедегі заттарды  дезинфекциялау құралдарымен сүрту.

Ауруға күтім жасағанда медициналық бетпердені пайдалану, оны әр 3-4 сағатта ауыстырып отыру.

Үйде немесе қызмет орнында тұмаумен ауырған адам болса, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қолдану(тамифлю, ингавирин, оксолин майы).

Білу маңызды!

Тұмауға жеңіл-желпі қарауға болмайды.

Өз уақытында дәрігерге қаралып, аурудың алдын алсаңыз тұмаудан болатын асқынулардың  дамуы төмендеп, сіздің өміріңіз сақталады.