Тұмаудың алдын-алу

Тұмау-бұл жіті жұқпалық ауру Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Адамның тыныс жолдары қысқа, шырышты қабыршықтары жұқа, қорғаныш қабілеті төмен болғандықтан тыныс алу жолдарының қабынуы арқылы жүретін адамзат арасында ең көп тараған ауру. Ауру тез таралуымен, яғни тұмаудың асқынуы  өкпе қабынуына әкеліп соғады.

Жедел респираторлы-вирустық инфекция (ЖРВИ) – респираторлы-вирустық тобын, оның ішінде аденожұқпасы, вирустар, парагриппа, респираторлық-синцитиальдық вирус (РС-вирус), коронавирус, риновирустарды шақырушы жұқпалық ауру.

Егер ауырып қалсақ, біз не істеуіміз керек?

—         Дәрігермен кеңесу. Егер сырқаттың жағдайы ауыр болса немесе созылмалы сырқаты болса:ишемиялық жүрек сырқаты, гипертония т.б. болған жағдайда ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Тұмаумен аурып жүрген кезде емханаға дәрігер қабылдауына келмеу керек, дәрігерді үйге шақырту қажет;

—         Егер сырқат үйде емделсе, отбасының мүшелерін ауруды жұқтырып алмауға байланысты шаралар қолдануы керектігін ескерту. Егер мүмкіндік болса, дезинфекциялау құралдарын:хлоамин, шаруашылық сабынын қолданумен ылғалды жиыстырумен сырқатты жеке бөлмеге орналастыру. Бактерицидалық шам болса, оны қолдану. Бөлмеде жиыстыру жүргізгеннен кейін сырттағы ауа ауру тудыратын микроорганизмдер болмайтындықтан бөлмені желдетіп отыру;

—         Үйде емделген жағдайда төсек  тәртіптемесін қатаң сақтау, асқынудан сақтайды;

—         Сырқат уыттануды төмендету үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуі қажет:шәй, жылы сүт, сусындар т.б.

—         38-38,50-ға  қызу көтерілгенде қызу түсіретін дәрілер, ең жақсысы парацетамол. Бұл жалпы кеңес.

Дәрі-дәрмектермен емделу бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Егер ауырып қалған болсаңыз, не істеуге болмайды?

 

—         Антибиотиктарды қабылдауды  бірден бастау орынсыз. Антибиотиктар вирустарға әсер етпейді, иммунитетті төмендетіп аллергия беруі мүмкін.

—         Ішімдік сусындарымен, моншаға және басқа осындай емделу іс-шараларын жасау зиян.

—         Вирустық жұқпаны емдеуде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады. Тұмауды емдеуге ремантадин, альгирем, занамивир және басқалар. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тобында интерферон дәрі-дәрмектері кеңінен қолданылады. Тәжірибеде табиғи адам интерферондарын пайдалануды, яғни бұлшықетке, тері астына және вена арқылы, мұрынға тамызуды тапты.

 

Ауырмау үшін не істеу керек?

Жыл сайын емханада тұмауға қарсы тұрғылықты мекен-жай бойынша екпе жасалады. Отандық және шетелдік вакциналар қолданылады.

Басқа респираторлық  вирустарға вакцина жоқ, сондықтан организмді, яғни иммунитетті котеру қажет.

Біріншіден, бұл шынықтыру. Шынықтыру емшаралары:контрастық душ, ауа бұлауы, су құйыну, жалаңаяқ жүру, аяққа бұлау және т.б. Шынықтыруды бірден бастауға болмайды. Бірте-бірте жаз уақытынан бастау орынды.

Екіншіден, белсенді өмір салтын ұстану. Бұл иммундық жүйеге қатты әсер етеді. Дене шынықтырумен айналысу, жұмысқа жаяу бару, шаңғы, велосипед,  коньки тебу, бақшада жұмыс істеу аптасына 5 рет 1 сағаттан кем емес.

Үшіншіден, ең бастысы тоңып қалмау, мезгіл бойынша киіну.  Қазіргі уақытта көп адамдардың киімі синтетикалық материалдардан жасалған. Осындай материалдан жасалған киімдерден булану әсері беріледі де тер буға айнала алмай, дымқыл тері тез тоңазиды. Төменгі температурада бас киімсіз жүру, жылы киімсіз жүру, жылы аяқ киімсіз жүру өте зиянды сәнділік.

Алдын алу шараларына жеткілікті мөлшерде белоктар, майлар және дәрумендермен толық тамақтануға қатты көңіл бөлу керек. Қысқы уақытта тамақтануда жуа, сарымсақ, жаңа піскен жемістер, көкөністер, ашытылған орамжапырақтарды, поливитаминдер пайдалану маңызды.