Мениннгококк инфекциясы мен менингитттік алдын алу бойынша ЖАДНАМА

Мениннгококк  жұқпасы – менингокок қоздырғыш жедел жұқпалы ауру, клиникалық белгілері назофарингит, менингит немесе менингокок сепсисімен айқындалады.

Таралу көзі – науқас адам немесе бактерия тасмалдаушы.

Берілу жолдары — менингококк жұқпасы науқас адамнан  ауа тамшысы арқылы жұғады.

Клиникалық белгілері:

Назофарингитте:

  • мұрын қуысының бітелді;
  • өңеш қуысы қабынады;
  • дене қызуы 37,5-38 °C дейін  көтеріледі; Менингитте:
  • дене қызуы 39-40 °C дейін  көтеріледі;
  • жиі құсады;
  • қатты бас ауырады;
  • сіңір тартылады;
  • жалпы мазасыздану, қозу немесе әлсіздік пен селқостық байқалады;
  • менингеалдық белгілер пайда болады. Менингококцемияда:
  • бірден – дене қызуы 39-40 °C  дейін күрт көтеріледі;
  • әлсіздік, жалпы мазасыздану ;
  • жүрек айну, құсу;
  • терінің үстіңгі қабатында томпайып көптеген жұлдызша тәріздес күлгін-көк түсті бөртпелер  пайда болады .
  • Алдын алу:
    • Мениннгококк  жұқпасына  қарсы  вакцина  жасату керек;
    • Мениннгококк  жұқпасына  шалдыққан ануқастар міндетті түрде оқшауландырылып, ауруханаға жатқызылып ем қабылдайды;
    • Мениннгококк  жұқпасына шалдыққан науқаспен қарым-қатынас болған жағдайда антибиотиктермен және мениннгококке қарсы иммуноглобулиндермен (дайын арнайы ақуыздар) алдын алу екпелері жүргізіледі;
    • Жұқпа эпидемиясы кезінде адамдар көп жүретін орындардын бас тарту қажет ;
    • Толық сауыққаннан кейін денсаулықты нығайту қажет.
    • Күз-қыс мезгілдерінде  витаминді  дәрі-дәрмектер немесе Сдәруменін қабылдау қажет;
    • Суық тиюден сақтану қажет.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Мениннгококк жұқпасына үй жағдайында өздігінен емделуге болмайды. Алғашқы белгілері білінген жағдайда тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға, жедел жәрдем станциясына, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмекке жүгіну қажет.