АҚПАРАТ
ГКП на ПХВ «Городская поликлиника №8» акимата города Астаны
(Русский) Объявление
Табанды еңбек — еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын басты формуланың бірі
(Русский) Молодежный центр здоровья (далее МЦЗ) «Сенім» был основан 26.03.2012 года на базе ГП №8 на основании Приказа МЗ РК от 19 октября 2006 года №491 «О внедрении услуг, дружественных к молодёжи».
ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!
(Русский) 11 обязательных прививок в Казахстане
(Русский) С 8 апреля по 6 мая проходит весенний экологический месячник «Жасыл Астана» по санитарной очистке, благоустройству и озеленению.
(Русский) Эксперт предложил предусмотреть для молодых медиков базовый пакет господдержки
Пересекаются интересы: почему тарифы на медуслуги неэффективно разрабатывают в Казахстане
Туберкулезбен күрес «ТОҚТА ТУБЕРКУЛЕЗ!» акциясы 2021 жылдың 13 қазанынан 13 қарашасына дейін өткізіледі
Вакцинация туралы
Психикалық денсаулықты нығайтуға арналған кеңестер
Консультациялық-диагностикалық көмек туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
КВИ-ге қарсы екпе алудың 5 себебі
НЕОНАТАЛЬДЫ СКРИНИНГ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР НЕ БІЛУІ ҚАЖЕТ?
Неонаталдық патологиялық жағдай-жаңа туған нәрестелердің асфиксиясы, босану жарақаты, сепсис, басқа да инфекциялық аурулар және мерзімінен бұрын босанудың асқынулары әлемде өлімнің негізгі себептері ретінде бесінші орында тұр. Сондықтан нәрестелер туылғаннан кейін бірден неонатальды скринингтен өтеді – тұқым қуалайтын ауруларды одан әрі диагностикалау және емдеу үшін және баланың мүгедектігінің алдын-алу мақсатында тексеру.
☝🏽 Айта кететін болсақ, жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Олардың барлығына азаматтардың жеңілдікті санаты ретінде МӘМС жүйесінде автоматты түрде « сақтандырылған » мәртебесі беріледі. Осыған сәйкес, барлық тексерулер әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі.
Неонатальды скрининг туралы нені білуіңіз қажет?
✅ Неонаталдық скринингтің мемлекеттік бағдарламасы 2007 жылы енгізілген болатын және ол екі негізгі ауруды анықтауға бағытталған: Фенилкетонурия немесе амин қышқылдары метаболизмінің бұзылуымен байланысты тұқым қуалайтын ауру, негізінен фенилаланин және қалқанша безінің функциясының толық немесе ішінара бұзылуынан туындаған туа біткен гипотиреоз.
Аталған ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу кезінде дәрігерлер баланың дамуы үшін қолайлы болжамдар жасайды.
✅ Скрининг барлық нәрестелердің өмірінің 2-3-ші тәулігінде (өмірінің 25-72 сағатында), ал шала туған сәбилердің өмірінің 7-14- тәулігінде жүргізіледі.
✅ Зерттеу перзентханада жүргізіледі, онда арнайы дайындықтан өткен медбике нәрестенің өкшесінен құрғақ қан дақтарын алады.
✅ Жаңа туған нәрестенің өкшесінен қан алу таңертең қатаң түрде аш қарынға жасалады және тамақтану арасындағы интервал 2,5-3 сағатты құрауы керек. Бұл өлшенетін маркерлердің концентрациясының дәл болуы үшін маңызды.
✅ Егер сәбиге перзентханада скрининг жүргізілмесе, онда ол жаңа туған нәрестені әкелген стационарда немесе тұрғылықты жері бойынша емханада алғашқы патронаждық қарап-тексеру кезінде жүргізіледі.