Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері жасөспірімдерге арналған маңызды кездесулерін жалғастыруда.
Кезекті дәріс адам папиллома вирусы және туберкулездің алдын алу тақырыбына арналды.
Дәріс барысында оқушылар:
- қауіпті аурулардың қалай таралатынын;
- алдын алу жолдарын;
- ерте белгілерін білу не үшін маңызды екенін үйренді.
Балалар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Ұмытпайық: аурудың алдын алу – ерте ақпараттандырудан басталады!