Этика мәселесі бойынша комиссияға жүгіну тәртібі

ЕГЕР СІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛДЫҢ, ӘРІПТЕСТЕР МЕН ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ДӨРЕКІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНА ҚАТЫСУШЫ БОЛСАҢЫЗ

Этика мәселелері жөніндегі комиссияға жүгіну тәртібі

Этикалық комиссия туралы ақпарат барлық медициналық персоналға, пациентке және олардың туыстарына қолжетімді орындарда берілген (сайт, емхананың тіркеу орыны);
Астана қаласы әкімдігінің «№ 8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК медициналық персоналы, пациенттер мен олардың туыстары этика мәселелері жөніндегі комиссияға этика және деонтология қағидаттарын бұзудың кез келген себебі бойынша келесі тәртіппен жүгіне алады:
емхана басшылығының атына жазбаша және ауызша өтініш (директор, директордың орынбасарлары, Пациентті қолдау және ішкі медициналық аудит қызметі)
+7 (7172) 95-57-70 телефоны арқылы

Этикалық нормаларды бұзу фактілерін анықтау тәртібі, тіркеу, талдау және жазалау шаралары

Этикалық комиссия туралы ақпарат медициналық персонал, пациент және олардың туыстары сынды барлық адамдар үшін қолжетімді орындарда орналастырылады: (емхананың тіркеу орыны, ресми сайт);
Медициналық персоналдың, пациенттің және олардың туыстары этика және деонтология принциптерін бұзудың кез келген себебі бойынша этика мәселелері жөніндегі комиссияға жүгіне алады.
Барлық өтініштер этика мәселелері жөніндегі комиссияда міндетті түрде қаралуға жатады.
Этика мәселесі бойынша комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша жалпы мерзім өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспауға тиіс.
Этика және деонтология нормаларын бұзғаны үшін жазалау шаралары-Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабында көзделген тәртіптік жазалар.