(Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуі, X қайта қарау)
2. Энтералдық берілу тетігі бар вирусты гепатиттер:
1) жіті А вирусты гепатиті;
2) жіті Е вирусты гепатиті.
3. Парентералдық берілу тетігі бар вирусты гепатиттер:
1) жіті В вирусты гепатиті;
2) жіті Д вирусты гепатиті;
3) жіті С вирусты гепатиті.
4. Этиологиясы анықталмаған вирусты гепатиттер.
Жіті вирусты гепатиттердің (бұдан әрі — ЖВГ) не жастық, не этиологиялық аспектісінде айтарлықтай ерекше клиникалық белгісі жоқ.
5. ЖВГ түрлері:
1) Субклиникалық – аурудың клиникалық белгілері жоқ, алайда сырқаттың қанында аланинаминотрансферазаның (бұдан әрі — АЛТ) жоғары құрамы үйлесе отырып, вирустың өзіндік маркерлері анықталады.
2) ЖВГ-нің инаппаранттық түрі (вирусты тасымалдаушы) – клиникасының толық болмауы, АЛТ-ның қалыпты көрсеткіші. Вирустың өзіндік маркерлері анықталады.
3) Манифестік түрі жіті вирусты гепатитке тән субъективтік және объективтік клиникалық белгілердің негізінде диагностикаланады. Вирусты гепатиттердің манифестік түрлерінің сарғаю алдындағы (продромдық), сарғаюды (өршіген) және сауығуды қамтитын кезеңді ағымы бар. Сарғаю алдындағы кезең тұмау тәрізді, астеновегетативтік, диспепсиялық, артралгиялық және аралас белгілермен білінетін клиникалық белгілердің жиынтығымен сипатталады. Ауру өршіген кезеңде тері қабаттары мен шырыштылар сарғаяды, гепатомегалия пайда болады.
4) Типтік сарғаю кезеңі – аурудың 3 кезеңінің нақты ара жігін ажырату арқылы сарғаюдың цитолиттік белгілермен үйлесуі.
5) Холестатика құрамдас бөлігімен типтік сарғаю – сарғаюдың жіті, жоғары билирубинемия, мәнсіз трансаминаземия, сілті фосфатаза (бұдан әрі — СФ) көрсеткіштерінің арту үрдісі бар. Аурудың сарғаю кезеңі неғұрлым ұзақ болады.
6) Типтік емес сарғаю – сирек, орта жастан асқан сырқаттарда байқалады. Сарғаю жіті терінің қатты қышынуымен болады. Гипербилирубинемия, гиперхолестеринемия, СФ мен гаммаглютаминтранспептидаза артады. Сарғаю кезеңінде эритроциттер мен субфебрилитеттің шөгу жылдамдығының арту үрдісі бар.
7) Типтік емес сарғаю белгісі жоқ – сарғаюдың болмауы. Клиникалық белгілері білінбеген және сарғаю алдындағы кезеңге жақын, гепатомегалия. Вирусты гепатиттердің өзіндік маркерлері АЛТ деңгейінің артуымен үйлеседі.
А вирусты гепатиті көбінесе сарғаю белгісі жоқ, субклиникалық және инаппаранттық түрде өтеді.
Барлық ЖВГ кезінде, әсіресе, созылмалы ағымында сарғаю белгісі жоқ түрі сарғаю түріне қарағанда жиі кездеседі.
8) Жіті кезеңдік – 1-1,5 ай ішінде вирус репликациясы (көбеюі) доғарылады, ол организмнен шығарылады да толық санация басталады. А және Е гепатиттері үшін бұл аурудың типтік ағымы. В, С және Д гепатиттері кезінде – ықтимал варианттардың бірі болады.
9) ЖВГ-нің жіті прогредиеттік ағымы – вирустың белсенді репликациясы фазасы 1,5-3 ай сақталады. Жұқпалы процесінің аяқталуы бір мәнді емес: организмнің санациясы не болмаса аурудан айығуға, не болмаса созылмалы ағымға айналуына әкеледі. В, С және Д гепатиттері кезінде негізінде прогредиенттік ағым болады. А және Е гепатиттері кезінде ауыр преморбидтік аясында созылмалы түрі байқалады, алайда сырқат аурудан айығады.
6. ЖВГ ағымының ауырлығы:
ЖВГ-нің ағымы жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр түрде болуы мүмкін. Қатерлі фульминанттық ағымы болады. В және Д гепатиттері кезінде аурудың ауырлығы басым ағымы тіркеледі. А, С және Е гепатиттерінің ауыр түрлерінің үлесі (жүкті әйелдерден басқа) айтарлықтай шамалы.
1) Жеңіл ағымы – уыттану болмайды немесе ол шамалы білінеді. Орташа сарғаю болады. Протромбиндік индекстің (бұдан әрі — ПИ) шамасы қалыпты шекте. Жалпы билирубиннің құрамы 80-85 микромоль/литрден аспайды;
2) Орташа ауыр ағымы – шамалы білінетін уыттану белгілерімен сипатталады. Сарғаю орташа білінеді. ПИ 60%-ға дейін төмендейді. Жалпы билирубиннің құрамы 100 — 180 микромоль/литр шегінде;
3) Ауыр ағымы – орталық жүйке жүйесінің анық білінген уыттану, ұйқының бұзылуымен, сырқаттардың бірінде селқостық, басқаларында – ұйқышылдық, әлсіздік, анорексия, қайта-қайта құсу, геморрагиялық синдром, жіті сарғаю, тахикардия, тәуліктік диурездің азаюы, ПИ-дің 55%-дан төмен болуы байқалады. Жалпы билирубиннің құрамы 180 микромоль/литрден артып 400-ге жетеді, жалпы билирубиннің 1/8-ін еркін фракция құрайды. Қан сарысуының альбумині 47-45%-ға дейін төмендейді, гаммаглобулиндердің құрамы артады.
7. Массивті және субмассивті бауыр некрозымен фульминанттық (қатерлі) гепатит.
Аса жіті вариант бауыр комасы мен аурудың 1-8 күндерінде өліммен аяқталу дамуымен ЖВГ-ның шынайы фульминанттық ағымына сәйкес келеді;
Жіті – аурудың басталуынан 28 күнге дейін ұзақтылығы.
Жітілеу (субмассивтік) вариант, онда бауыр некрозының алдында энцефалопатияға дейінгі 15 күн – 12 апта мерзімінде ЖВГ-ның қалыпты ағымы болады.
А гепатиті кезінде фульминанттық ағым 0,01 — 0,5%-да, В гепатитінде – 0,5-1,0%-да, С гепатитінде – 0,5-1%-да, Д гепатитінде – 1-25%-да және Е гепатитінде – 2%-да (жүкті әйелдерде 15-25%-да) кездеседі. Қайтыс болу жоғары: 80-100%.
8. Кома және кома асқынулары:
1) ісіну – бас миының ісінуі;
2) массивтік асқазан-ішек қан кетуі;
3) жіті бүйрек функциясының жетіспеушілігі, жіті тыныс алудың жетіспеушілігі;
4) жайылған қайталама жұқпа.
Вирусты гепатиттің нақты этиологиялық диагнозы сырқаттың қан сарысуында өзіндік маркерлерін анықтау жолымен беріледі.
А вирустық гепатиті
9. Қазақстан Республикасы вирусты гепатиттердің эндемиялық таралуы жоғары өңірге жатады. Жыл сайын республиканың әрбір облысындағы сырқаттану жағдайларының 60%-дан 90%-ға дейіні А вирусты гепатитке (бұдан әрі — АВГ) келеді, оның неғұрлым жоғары деңгейі бүлдіршін жастағы балалар арасында тіркелуде. Бірқатар өңірлерде кейіннен жұқпаның тұрмыстық қатынас жолымен таралатын судан жұқтырылатын бұрқ етулері тіркеліп отыр.
10. Инкубациялық кезең орташа есеппен 35 күнді құрайды (диапазоны 7-50 күн).
11. АВГ-нің берілу жолдары:
1) тұрмыстық – қарым-қатынас (отбасыларында және топтастырылған ұжымдарда);
2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);
3) парентералдық – сирек.
12. Сарғаюдың түрлері – жас бойынша топтар арасында мыналарды құрайды:
1) 6 жасқа толмаған балаларда – 10%-дан кем;
2) 6-дан 14-ке дейінгі жастағы балалар – 40-50%;
3) 14 жастан асқан адамдар – 70-80%.
13. АВГ-нің клиникалық нәтижелері:
1) жіті А гепатитінің 99%-ы аурудан айығады;
2) ауыр, көбінесе өлім-жітімді түрлері, ересектерге тән, кейбір кезде созылмалы В және С вирусты гепатиттерімен сырқат адамдар А гепатитін жұқтырған жағдайда, микст-жұқпасы бар сырқаттарда тіркеледі;
3) сирек кездесетін асқынулар: фульминанттық, холестатистикалық, рецидивтік гепатит;
4) АВГ кезінде созылмалылық болмайды.
14. Зертханалық диагностика. АВГ-нің серологиялық маркерлері:
1) АВГ-ге IgM класы антиденелері (IgM anti-HAV) жіті АВГ жұқпасын көрсетеді және ауырғаннан кейін 6 ай бойы сақталуы мүмкін; сырқаттардың көбі 3 айдың ішінде жазылып кетеді.
2) АВГ-ге жалпы антиденелер (anti-HAV total) бұрын ауырған жұқпаны немесе АВГ-ге иммунитеттің болуын (бұрын ауырғаннан немесе вакцинациялаудан кейін) көрсетеді; сырқаттардың көбісінде өмір бойы сақталады.
Е вирусты гепатиті
15. Е вирусты гепатиті (бұдан әрі — ЕВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 40 күнді құрайды (диапазоны 20-60 күн).
16. Е гепатиті вирусының берілу жолы – су арқылы.
17. ЕВГ кезінде эпидемиялық процесс мыналармен сипатталады:
1) судан пайда болған эпидемиялық бұрқ етулер 7-8 жыл аралықтармен;
2) аурудың жарылыстық сипатымен;
3) 15-29 жастағы жас адамдардың басым зақымдалуымен;
4) пәтердегі ошақтанудың төмендігімен;
5) жүктіліктің үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен.
18. Аурудың көтеріле бастауы жазғы айларға тән, бұл суды барынша көп тұтынуға және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көзі болып табылатын жер асты суының барынша ластануына байланысты.
19. Зертханалық диагностика ВГЕ-нің серологиялық маркерлері:
1) ЕВГ-ге IgM класы антиденелері (IgM anti-HEV) жіті ВГЕ жұқпасын көрсетеді;
2) ЕВГ-ге IgG класы антиденелері (IgG anti-HEV) бұрын ауырған жұқпалы ауруды көрсетеді; сырқаттардың көбісінде өмір бойы сақталады.
В вирусты гепатиті
20. В вирусты гепатиті (бұдан әрі — ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 60-90 күнді құрайды (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін).
21. Сарғаю түрлері 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-да, 5 жастан асқан балалар мен ересектерде 30-50%-да тіркеледі.
22. В гепатитінің вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.
23. Жұқтыру жолы — парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, микрожарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарын өту кезінде беріледі.
24. ВВГ клиникалық нәтижелері жұқтыру кезіндегі жасына байланысты. Жіті жұқпа алғашқы рет аурудың қоздырғышына тап болған 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-дан кемінде клиникалық белгілерімен білінеді. Алайда, бұл ретте аурудың созылмалы түрі жағдайдың 30-90%-нда дамиды. 5 жастан асқан балалар мен ересектерде жіті манифестік жұқпа гепатит В вирусын жұқтырғандардың 30-50%-да, бірақ жұқтырғандардың тек 5-10%-да ғана созылмалы ауру дамиды.
25. Жіті ВВГ нәтижелері – айығу, бауыр циррозына (бұдан әрі — БЦ) және гепатоцеллюлярлық карциномаға ауысатын созылмалылыққа ұшырау.
26. Өлім-жітім — 0,5-1,0%.
27. ВВГ-нің серологиялық маркерлері:
1) HBsAg – сыртқы антиген жұқпаның жіті немесе созылмалы түрін көрсетеді;
2) anti-HBs total – HbsAg-ге антиденелері өткен уақытта болған вируспен табиғи жанасуды (ауруды басынан кешіру) немесе вакцинациялаудан кейінгі иммунитетті көрсетеді;
3) anti-HBc жекеленген IgG – HbcAg-ге антиденелер бұрын өткерілген жұқпаны көрсетеді, IgG anti-HBc HBV жұқпасының басқа маркерлерімен үйлесуі – созылмалы вирустық гепатиттің көрсеткіші;
4) IgM anti-HBc – HbcAg-ге IgM антиденелері жіті жұқпаны көрсетеді, қан құрамында 3-6 ай бойы анықталады;
5) HBeAg — В гепатиті антигені жоғары жұқпалылықты көрсетеді;
6) anti-HBe – сероконверсияны немесе мутанттық вирустың барын көрсетеді;
7) ПЦР-DNA-HBV В гепатиті вирусының ДНҚ барына көрсетеді.
Д вирусты гепатиті
28. Д гепатитінің вирусы – ақауы бар, оның көбеюі үшін В гепатиті вирусының болуы қажет, сондықтан Д вирусты гепатит (бұдан әрі — ДВГ):
1) ко-жұқпа (ВВГ мен ДВГ бір мезгілде жұғуы);
2) супержұқпа (ДВГ-нің ағымдағы ВВГ жұқпасына, әдетте созылмалы болған кезде, қабаттасуы) ретінде өтеді.
29. ДВГ жіті (15%) және созылмалы (70-80%) болады.
30. Ко-жұқпасы кезінде фульминанттық түрлері — 10%, супержұқпада — 20%. Сарғаю түрлеріне 50-70% келеді.
31. Асқынулар мен нәтижелері: жіті бауыр энцефалопатиясы және күшейе түсетін бауыр циррозы неғұрлым жиі дамиды.
32. ДВГ-нің серологиялық маркерлері болып IgM anti-HDV, total anti-HDV табылады.
С вирусты гепатиті
33. С вирусты гепатиті (бұдан әрі — СВГ) инкубациялық кезеңі орташа есеппен 180-210 күнді құрайды (14-тен 780 күн аралығында ауытқумен).
34. Жұқпа көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлерімен сырқаттар.
35. Берілу жолдары ВГВ ұқсас.
36. Сарғаю түрлері жағдайдың 10-20%-ында орын алып отыр. СВГ жағдайларының 90%-ы трансфузиядан кейінгі гепатиттер себебі болып табылады.
37. Клиникалық нәтижелері: айығу (15%-ында), созылмалы түрге айналу (75% — 85%-ында).
38. СВГ-нің серологиялық маркерлері total anti-HCV, anti-HCV (IgM, IgG) болып табылады.
39. Нәтижелері: бауыр циррозы (25-50%-ында), гепатоцеллюлярлық карцинома (15-20%-ында).