Жаднама ЖРВИ сырқатымен ауырғандарға және жүктілер үшін

Тұмаудың алғашқы клиникалық белгілері-мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы және т.б. Көптеген адамдарда асқынусыз ЖРВИ түрінде өтеді.Алайда ауру спектрі орташа ауырлық дәрежесіндегі ауырудан тұрақсыз болғандықтан, дене қызуынсыз өкпе қабынуының ауыр түріне, кейде өлімге әкеліп соғады.

Тұмау мен ЖРВИ кезінде әлсіздік қауіпті тобына ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР, созылмалы дерті бар науқастар, кішкентай балалар, иммунитеті әлсіз емделушілер жатады.

Статистика көрсеткіші, яғни  жансақтау бөліміне түсетін жүкті әйелдердің 100%-ы үйде өзін-өзі емдеумен айналысқан, медициналық көмекке уақытында жүгінбегендер.

Тұмау вирусының өте қауіптілігін есепке ала отырып,

 

НҰСҚАЙМЫЗ:

1.Эпидемиялық кезеңде қоғамдық орындарда болуды шектеу.

2.Қоғамдық орындарда 1 метрге дейінгі арақашықтықты сақтау.

3.Тұмау және ЖРВИ белгілері байқалысымен үйге дәрігер шақырту(жедел медициналық көмек немесе аумақтық қызмет), жедел жәрдем телефоны 103, 31-42-58. №8 қалалық емхана-577-513, 577-516, 577-524, 577-525, 577-520. Өз аумақтық акушер-гинекологыңызға 57-67-02, 57-67-03 телефоны арқылы хабарласыңыз.

4.Егер сіздің денсаулығыңыздың жәй-күйі алаңдатса, алдын алу шарасы ретінде аумақтық дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

5. Аурудың алғашқы белгілер байқалған кезден бастап, 7 күн ішінде үйден шықпаңыз. Жұмысқа және адам көп жиналған ортаға бармаңыз.

6.Жөтел және түшкіру әдебін сақтаңыз, аузыңыз бен мұрныңызды жөтелгенде, түшкіргенде сулық қағазбен жабыңыз.

7.Отбасы мүшелерінің амбулаторлық ем алуы кезінде олармен қарым-қатынас жасауда сақтық шарасын жасаңыз, бір реттік бетпердені 3-4 рет ауыстырып отырыңыз. Пайдаланған бетпердені бірден қоқысқа тастаңыз.

8.Қолыңызды сабынмен және спирт сұйықтығымен жиі сүртіңіз.

9.Күн сайын бөлменің ішін ылғалдап сүртіп алу және жиі желдету керек.

10.Стационарға госпитализациялауды ұсынса, қарсылық танытпаңыз, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз.

 

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу, иммунитетті нығайту үшін сізге көмектеседі:

— Екі танауға оксолин майын тамызу;

— Интерферон-әр танауға күніне 2 рет 5 тамшыдан тамызу;

— Аскорбин қышқылын күніне 3 рет қабылдау;

— Тамаққа жуа және сарымсақ пайдалану, сонымен қатар С дәрумені бар жеміс-жидектер қолдану;

— Антисептикалық қасиетке бай кедр, пихта, эвкалипт майларымен бұлау жасау;

— Ағзаны шынықтыру, күнделікті  душ қабылдау