Жасөспірім қыздардың денсаулығына арналған семинар

2025 жылғы 19 қыркүйек күні емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерлері мен «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында жасөспірім қыздарға арналған танымдық семинар өткізді.

Семинар аясында талқыланған өзекті тақырыптар:

  • адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның маңызы;
  • сәндік косметиканы ерте қолданудың зияны;
  • репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары.

Мамандар әрбір тақырып бойынша ғылыми негізделген ақпарат ұсынып, оқушылардың сұрақтарына кәсіби жауап берді. Семинар қыздардың денсаулық жайлы білімін арттырып, оларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.