Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне орай №8 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне арналған «Вирустық гепатиттердің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – медициналық мамандардың вирустық гепатиттер туралы білім деңгейін арттырып, олардың профилактикасына бағытталған тиімді тәсілдермен таныстыру.
Қатысушылар келесі маңызды тақырыптарды талқылады:
-
Вирустық гепатиттің түрлері (A, B, C), жұғу жолдары мен тәуекел топтары;
-
Аурудың ерте белгілері, диагностикалық алгоритмдер және зертханалық көрсеткіштерді интерпретациялау;
-
Жеке гигиена, медициналық құралдарды қауіпсіз пайдалану, және вакцинацияның маңызы;
-
Гепатит B-ге қарсы екпенің тиімділігі мен бауыр ауруларында арнайы диета ұстанудың қажеттілігі;
-
Гепатитпен өмір сүретін науқастармен этикалық және кәсіби қарым-қатынас орнату қағидалары.
Іс-шара барысында тәжірибелік мысалдар мен клиникалық жағдайлар талданып, қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби дағдыларын жаңартты.