Келесі жағдайлар үйге дәрігерді шақырту үшін көрсеткіштер болып табылады:
- Науқастың өздігінен емханаға келе алмайтын қатты сырқаттану жағдайында.
Дене қызуы 38 С градустан жоғары болса.
Қан қысымының көтерілуі.
Бірнеше мәріте іш өтуі.
Жүріп-тұруға кедергі келтіретін төменгі аяқ буындары мен омыртқаның қатты ауруы.
Бас айналу, қатты лоқсу, құсу.
- Науқастың өздігінен емханаға баруға мүмкіндігі жоқ созылмалы: онкологиялық аурулар, мүгедектік (I-II топ), сал ауруы, аяғының болмауы.
- Тасмалдауға келмейтін науқастар.
Шақыртуды қабылдау медициналық тіркеушілерге тіркеу бөліміне жолығу арқылы және +7 (7172) 39-99-99 телефондары арқылы жұмыс күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.