Дүниежүзілік шала туған балалар күніне орай профилактикалық іс-шара өткізілді

Дүниежүзілік шала туған балалар күніне орай емханада балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында педиатр дәрігер балаларды медициналық тексеруден өткізіп, ата-аналармен әңгімелесу жүргізді. Кездесу кезінде балалардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану, жас ерекшеліктеріне сай өсуі мен дамуын бақылау және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар шала туған балалардың денсаулығына ерекше назар аударудың және олардың тұрақты медициналық бақылауда болуының маңыздылығы атап өтілді.