Салауатты болашақ – зиянды әдеттерсіз өмір!

№119 мектепте оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Алкоголь мен темекіден бас тарту – жарқын болашақ!» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс барысында алкоголь мен темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны, олардың ағзаға кері әсері және болашақта түрлі аурулардың туындау қаупі туралы айтылды. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу оқушылардың денсаулыққа қатысты білімін арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға ынталандыруға бағытталды.