Жасөспірім кезеңдегі ағзадағы өзгерістер туралы дәріс

№8 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері №34 орта мектептің оқушыларына «Жасөспірім кезеңдегі ағзадағы өзгерістер» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

Дәріс барысында жасөспірімдік кезеңде болатын физиологиялық және психологиялық өзгерістер, ағзаның өсуі мен дамуының ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.