Оқушыларға арналған танымдық семинар

Астана қаласындағы №55 мектепте «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізді.

Орталық психологы «Өзіне деген сенімділікті қалай арттыруға болады?» тақырыбында семинар өткізіп, оқушыларға өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, өз күшіне сену, жеке қабілеттерін дамыту және сенімді қарым-қатынас орнату туралы пайдалы ақпарат берді.

Сонымен қатар, педиатр дәрігер «Жасөспірімдік кезең және оның ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер, олардың ерекшеліктері мен денсаулықты сақтау жолдары түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің өзіне деген сенімділігін арттыруға, психологиялық саулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.