Ата-аналар жиналысында жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуы талқыланды

Астана қаласындағы №34 орта мектепте ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиын барысында Жастар денсаулық орталығының мамандары орталықтың қызметі, негізгі жұмыс бағыттары мен атқаратын міндеттері туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, педиатр дәрігер жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктеріне тоқталып, осы жастағы балалардың бойында болатын физиологиялық және психологиялық өзгерістер туралы түсіндірді. Сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, баламен дұрыс қарым-қатынас орнату және оның денсаулығы мен эмоционалдық жағдайына көңіл бөлудің маңыздылығы айтылды.