Ақпараттық-ағартушылық жұмыс аясында медициналық колледж студенттеріне «Туберкулездің алдын алу және ерте анықтау. Медицина қызметкерінің рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында туберкулездің негізгі жұғу жолдары, қауіп факторлары, аурудың тән белгілері, заманауи диагностикалау әдістері мен алдын алу шаралары қарастырылды.
Ауруды уақтылы анықтау, оның таралуының алдын алу және халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттырудағы медицина қызметкерлерінің рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай білім беру іс-шаралары болашақ медицина мамандарының кәсіби сауаттылығын арттыруға және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.
Есіңізде болсын: туберкулезді ерте анықтау және уақтылы емдеу — сауығудың және инфекцияның таралуын болдырмаудың маңызды кепілі!




