СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ – ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ!

2026 жылғы 16 қазанда №119 мектепте «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.

️ Іс-шараның негізгі мақсаты – сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпарат беру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Дәріс барысында қатысушыларға:
Сүт безі қатерлі ісігінің негізгі қауіп факторлары;
Аурудың алғашқы белгілері;
Ерте диагностикалау және скринингтік тексерулердің маңыздылығы;
Алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпарат берілді.

Есіңізде болсын! Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау емдеудің тиімділігін арттырады. Уақтылы профилактикалық тексеруден өту – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы.

Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз!