Дүниежүзілік бронхиалды астмамен күрес күніне орай емханамызда ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында бронхиалды астманың алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеу тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ашық есік күні барысында емханаға келушілер дәрігерлерден кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, қатысушыларға бронхиалды астманың белгілері, қауіп факторлары, аурудың алдын алу жолдары және дұрыс өмір салтын сақтау жөнінде толық ақпарат берілді.
Мамандар пациенттерге дер кезінде дәрігерге қаралу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын ерекше атап өтті.




