«Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығымен, инновация және халықтың күшімен!»
«Да! Мы можем победить ТБ! Лидерство Казахстана. Инновации и сила людей.»
«Yes! We Can End TB! Led by Kazakhstan. Powered by Innovation and People.»
Аталған ұран аясында туберкулезге қарсы айлық шеңберінде емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы оқушыларына арналған ақпараттық-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында туберкулез ауруының алдын алу, оның берілу жолдары мен алғашқы белгілері туралы ақпарат беру, сондай-ақ жеке гигиена мен салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау.
Дәріс барысында мамандар туберкулездің жұғу жолдары, қауіп факторлары, ерте анықтаудың маңыздылығы және уақтылы медициналық тексеруден өтудің қажеттілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, олардың ауру туралы білім деңгейі зерделенді.




