Туберкулезге қарсы айлық

2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес шараларына арналған айлық өткізіледі. Аталған іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамалары аясында ұйымдастырылып, халықтың туберкулез туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, аурудың алдын алу және ерте анықтау шараларын күшейтуге бағытталған.

Айлық шеңберінде:

  • туберкулездің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
  • профилактикалық тексерулер;
  • ашық есік күндері;
  • мамандардың кеңестері ұйымдастырылады.

Туберкулез – уақтылы анықталған жағдайда толық емделетін жұқпалы ауру. Осыған байланысты барша тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырамыз.